Талдықорғанда «Мемлекеттік тіл – менің тілім» байқауы өтті. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 10- әскери бөлімінде қызмет ететін өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілде бақ сынады, білімдерін көрсетті. Жеңімпаздар алдағы уақытта Астана қаласында өтетін республикалық кезеңде бөлімшелерінің намысын қорғайды.