Бір ауылдың қуаты артса, тұтас ел экономикасы күшейеді. Талдықорғанда «Бір ауыл — бір өнім» шағын және орта бизнес өкілдерінің көрмесі өтті. Осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Оған 30-дан аса кәсіп иесі қатысты. Мұнда қойылған бұйымдар ерекше, ал тағам түрлері сан түрлі.