Талдықорғанда желаяқтар үшін үлкен спорт мерекесіне айналған «Қазақ марафоны» өтті. Аталған жүгіру жарысы осыған дейін Семей мен Қонаев қаласында ұйымдастырылған. Жетісудың бас қаласында өткен марафонға әуесқой және кәсіпқой спортшылар да бақ сынады. Олардың арасында 80 нен асқан қария да бар.