Талдықорғандағы «Ұлан» шағын ауданын абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл көптен бері күрмеуі шешілмеген күрделі мәселенің бірі еді. Былтыр облыс әкімі қала тұрғындарымен кездескенде жұртшылық балалар ойнайтын алаңның тозып кеткенін, ауланың күтімі нашарлығын, ал шұрық тесік жолдармен жүру тіпті мүмкін еместігін айтқан. Тұрғындардың тілегі орындалды. Өңір басшысы Бейбіт Исабаев арнайы барып аулаларды абаттандыру жұмысымен танысып қайтты.