Жыл басынан бері Алматы облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына 660 мыңнан аса адам атсалысты. Аталмыш акция бүгін Талғар қаласында «Таза бейсенбі» шарасымен өз жалғасын тапты. Оған 70- тен аса адам тартылып, «Жеңіс» саябағы қоқыстан тазартылды.