Тары түйіп, сөк салып, талқан тартқан Жеңісбек әулеті. Көксу ауданына қарасты Мұқаншы ауылында кәсіпкер отбасы бар. Олар арпа, бидай, жүгері және тарыдан талқан жасап шығарады. Мұқият Қабдырахманқызы қара шаңырақта қарап отырмай, 15 жылдан бері осындай іспен айналысады.