Алматы облысындағы «Таңбалы» кешені аумағынан табылған тарихи жәдігерлер алғаш рет халық назарына ұсынылды. Қола дәуіріне тиесілі заттар Есік мемлекеттік музей қорығына қойылды. Көшпелі көрменің тұсаукесер рәсіміне екі мұражайдың қызметкерлері, Қытай елінен келген зерттеушілер, сала мамандары мен оқушылар қатысты.