«Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда. Қарасай ауданында тұратын соғыс және тыл ардагерлері мен зейнеткерлер үйі тазартылды. Эко-шараға волонтерлер мен Жастар ресурстық орталығының өкілдері қатысты. Олар аула аумағын абаттандырып, қураған ағаш бұтақтарын қырқып, үйдің сыртын ретке келтірді.