Баспаналы болу бір бақыт. Текелі қаласында 40 отбасыға жаңа пәтердің кілті табысталды. Үйлі болғандардың дені көпбалалы аналар мен әлеуметтік осал топтағы жандар. Талай жылдан бері кезегін күткен тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Оларға тау етегіндегі «Алатау» ықшам ауданынан баспана бұйырып, қоныс тойын тойлады.