Түрмеден кейінгі тағдыр. Елімізде түрме жүйесін рефорламау бағытында ілгерілеу бар. Алайда көп жағдайда жазасын өтеушілер тиісті мерзімі аяқталып, қамаудан босаған соң қоғам өміріне сіңісіп кете алмай жатады. Оның себебі көп, бейімдеу ісінің кемшілігі, қапаста болғандардың өмірге көзқарасы және жақындарының өзі оларды жат санауы. Ал ең үлкен себеп — жұмыссыздық. Қазір осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында жұмыстар қарқынды.