Сақтанғанды — сақтайды. Жетісу облысында тұмауға қарсы иммундау науқаны басталды. Биылғы эпидемиялық маусымға 82 500 доза сатып алынды. Өңіріміздің 13% -ы тегін вакцинациямен қамтылмақ. Бұл туралы сала мамандары баспасөз брифингінде айтты. Жиында аурудың таралу жолдары, алғашқы белгілері және алдын-алу шаралары жайлы сөз қозғалды.