Панфилов ауданы Алмалы елді-мекенінің тұрғындары өз күштерімен ауылдарына көпір салды. Бұған дейін өткел болмағандықтан 1 шақырымдай жерді айналып өтуге тура келетін. Қарттар мен балаларға бұл оңай шаруа емес. Жауынды, дауылды күндері тіптен қиын. Сондықтан ауызбіршілігі жарасқан тұрғындар көпір салуды қолға алған.