Үштөбе қаласын газдандыру жобасы жыл соңына дейін толық аяқталады.
Қала тұрғындарының 40%-ы көгілдір отынға қол жеткізді. Жыл соңына дейін 11 мыңға жуық адам тұратын қаланың қалған шығыс бөлігін де газбен қамту жоспарланған. Қаратал ауданында 35 елді мекеннің 39 мың тұрғыны бар 19 елді мекені газдандыруға жатады.Бұл туралы бүгін Жетісу облысының әкімі Қаратал ауданының тұрғындарымен кезекті кездесуінде айтылды. Сонымен қатар Бейбіт Исабаев өңірді өркендету үшін мақсат-міндеттерді белгіледі. Тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдады.