Алдағы сенбі – Ұстаздар күні. Өткен жылдан бері кәсіби мереке 5 қазанда тойланады. Ұстаздық – ұлы іс. Сондықтан педагогика саласына үлкен жүрекпен келу керек. Баян Байбағысова осы жолды жүрекпен таңдағанның бірі. 18 жылдан бері білім беру саласында жалықпай еңбек етіп келеді. Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға, – деген ұстанымда.