Жақсылық жасап жарысайық. Елімізде “Birgemiz: áreket ýaqyty” волонтерлік жобасы сәтті іске асып жатыр. Оның ішінде бастама аясында Алматы облысында да бірқатар ісшара қолға алынған. Бұл туралы Алматы облысы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық волонтерлік желісінің атқарушы директоры Татьяна Миронюк мәлімдеді. Оның айтуынша, аталған жоба шеңберінде Республикалық маңызы бар 17 облыс пен 3 қалада кезең-кезеңімен ауқымды іс-шаралар өткізіліп жатыр.