Жаңадан құрылған Алатау қаласының шекарасы бекітілді. Қонаев қаласы мен Іле және Талғар аудандарынан жер бөлініп жалпы ауданы 88 мың гектар аумақ белгіленді. Бұл мәселе облыстық мәслихаттың кезекті отырысында мақұлданды. Сондай-ақ, жиында Алматы облысының құрметті азаматтарына үміткерлер таныстырылып, өңірдің өзге де мәселелері талқыланды.