«Жаркент – Қорғас» автожолын жөндеу жұмыстары қызу жүргізілуде.
Қорғас ауылынан Жаркентке дейінгі 32 шақырымдық республикалық маңызы бар бұл жол соңғы отыз жылда алғаш рет жаңартылып жатыр. Қазіргі таңда он алты шақырымына жаңадан асфальт төселді. Бұдан бөлек жақында Сарыөзек-Көктал бағытындағы жолдың ескірген бөлігінде жөндеу жұмыстары басталады.