Жетісуда ағысты, арынды өзен көп. Жасыл энергетиканы дамытуға қолайлы өзеннің бірі — Басқан. Бойынан екі бірдей су электр стансасы салынып жатыр. Құрылысы 2019 жылы басталған-тын. Түрлі себеп- салдармен созылып кетті. Қазір жұмыс қайта жанданды. Қазан айында іске қосу жоспарда.