Қазақ әдебиетінің қоржыны тағы бір шығармамен толықты. Алматы облысында жазушы, публицист Шархан Қазығұлдың «Күлпет» романы қалың оқырманға таныстырылды. Автор тың туындысында адамзаттың алдында тұрған мәңгілік сұрақтарға жауап іздейді. Сонымен қатар шығармада отансүйгіштік, қазақ әйелінің адалдығы, тіл мен діл секілді құндылықтар дәріптеледі. Айта кетейік, былтыр роман тұңғыш рет өткен «Меценат.кз» әдеби байқауында лауреат атанған.