Биыл Жетісу облысында 13 мың бүлдіршін алғаш мектеп табалдырығын аттады. 5 мыңға жуық түлек студент атанды. Бұл туралы бүгін облыс әкімінің орынбасары Рустам Әли БАҚ өкілдерімен кездесуінде жаңа оқу жылындағы өзгерістерді мәлімдеді. Бірі – бастауыш сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамту. Бұл мақсатқа жергіліктиі бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлініпті. Енді 52 600 бала тегін аспен қамтылмақ. Ал, асханасы жоқ 49 мектепке ыстық тамақ тасымалдау шаралары жүргізіледі.
«Жетісу» телеарнасы 1999 жылы 28 сәуірде Алматы қаласында құрылды. Бастапқыда телеарнаның өз алдына жеке хабар тарату сигналы болмады. «Қазақстан» ұлттық арнасының эфирі арқылы аптасына бір сағат хабар таратты. 2003 жылы 19 мамырда №0001898 лицензиясын алып, дербес эфирге шықты.