Жетісу аймағында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер» акциясы өтіп жатыр. Бұл жоба шалғайдағы елдімекен тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Шара аясында волонтерлік көшпелі мобильді топ Кербұлақ ауданына барды. Тұрғындармен кездесіп тегін құқықтық кеңес берді.