Жетісу облыстық кардиологиялық орталықта жылына 2 мыңнан аса операция жасалады. Оның 400-ге жуығы ашық жүрекке жасалған ота. Ал мың адамның жүрек қан тамырларына стент қойылады. Орталық мамандардың сөзінше, жыл басынан бері жүрекке 250 рет ашық ота жасалған.