Жетісу облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. Өңір басшысының өкімімен Диас Рахметұлы Есдәулетов енді әкім орынбасары боп қызмет атқарады. Ол 1987 жылы Талдықорған қаласында туған. «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Қытайдың Шанхай Жау Туң университетін бітірген. Жетісу облысындағы басшылық қызметіне келмес бұрын екі жылға жуық Президент жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» директорының орынбасары болды. Ал оған дейін Ақпарат комитетінде, Премьер-Министрі баспасөз қызметінде еңбек еткен. Премьер-Министр Кеңсесінің Ақпараттық-талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары, сосын Президент Әкімшілігі Талдау және болжау орталығы меңгерушісінің орынбасары болған. Еңбек жолын Алматы қаласында жалғастырып қоғамдық даму басқармасын басқарған.