Жетісу облысында 2 мыңға жуық әлеуметтік қызметкер бар. Солардың 36-ы Кербұлақ ауданында еңбек етеді. Тең жартысы мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет көрсетеді. Қамкөңіл жандарға қарайласатын мамандардың жұмысы оңай емес екені анық. Әр баланың жүрегіне жол тауып, оларды тыңдап әрі тыңдата біледі. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бұл істі жүйелі үйлестіріп отыр.