Жетісу облысының 8 ауданында 59 денсаулық сақтау нысаны салынады. Қазір солардың 44 інің құрылысы басталып кетті. Бұл жұмыстар «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Бүгін үкімет отырысында осы жобанының жай-жапсары қаралды. Аймақ басшысы Бейбіт Исабаев жоба асында атқарылып жатқан шаруаларға есеп берді. Ал Премьер-министр Олжас Бектенов барлық облыс әкімдеріне емдеу мекмелерінің құрылысын ширатуды тапсырды.