Жетісу облысында бидай ору науқаны қызу жүріп жатыр. Диқандар астық ору қарқынын үдете түскен. Шығымы да жақсы. Агротехникалық талаптарды тиянақты атқарған ірі шаруашылықтардың алды әр гектарынан 25-30 центнерге дейін өнім жинап жатыр. Көктем жауын-шашынды болғандықтан бидай көп жерде бітік шыққан.