Жетісу облысы құрылғаннан бері бюджет қаражатынан жымқыру фактісі бойынша 44 құқық бұзушылық тіркелген. 40 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, алтауы сотталды. Ал өткен жылы 192 қылмыстық іс тіркеліпті. Бұл туралы бүгін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында өткен жиында айтылды. Семинарға арнайы облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов қатысты.
«Жетісу» телеарнасы 1999 жылы 28 сәуірде Алматы қаласында құрылды. Бастапқыда телеарнаның өз алдына жеке хабар тарату сигналы болмады. «Қазақстан» ұлттық арнасының эфирі арқылы аптасына бір сағат хабар таратты. 2003 жылы 19 мамырда №0001898 лицензиясын алып, дербес эфирге шықты.