Халық қолөнері жанданбақ. Жетісу облысында қолөнершілер керуені басталды. Мұндай жобаны өңірдегі іскер әйелдер кеңесі қолға алды. Басты мақсат: өңірдегі қолөнершілердің туындысын көпшілікке таныту. Алғашқы керуен Сарқан ауданында өтті. Өңірдегі ісмерлер өз жұмыстарын орталық алаңға қойып, жұртшылық назарына ұсынды. Біздің түсірілім тобы да аталған көрмеге қатысып, жергілікті қолөнершілермен танысып қайтты.