Жетісу облысындағы Ақсу, Көксу қант зауыттары қант қызылшасын қабылдауды бастады. Биыл облыста барлығы 615 мың тонна шикізат өңделеді. Одан 97 мың тонна қант алу жоспарда. Оның: 67 мың тоннасы қызылша қанты. Тағы 30 мың тоннасы қант құрағынан өндірілмек.