Жетісу облысының әкімдігі мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерді орындауға кірісті. Биыл өңірге 375 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған. Сонымен қатар 2029 жылға дейін 170-ке жуық жобаны іске асырып, 11 мыңнан астам жұмыс орнын құру көзделген. Бұл облыс әкімінің қатысуымен өткен аймақ активі отырысында айтылды.