Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев «Мерейлі отбасы — 2024» ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Бас жүлдеге Алакөл ауданындағы Әлекеевтер әулеті ие болды. Енді бұл отбасы елордада өтетін республикалық байқауда өңір абыройын қорғайтын болады. Үлгілі әулеттің өнегесін көпшілікке танытып, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін игі шараға биыл 415 отбасы қатысқан.