Бүгін Жетісу облысының әкімі жеке қабылдау өткізді. Бейбіт Исабаев кезектілік тәртібімен алдын ала жазылған азаматтармен жүздесіп өтініш-тілектеріне құлақ түрді. Аймақ басшысы 7 адамды қабылдады. Тұрғындардың дені тұрғын үй, ауыл шаруашылығы жерлерін бөлу сияқты бірқатар мәселені көтерді. Облыс әкімі әр тұрғынды мұқият тыңдап, шешу жолдарын қарастырды.