Кербұлақ ауданының қойнауы толған байлық. Жетісу өңірінде астықты ең көп өсіретін аудан осы. Тауының сай-саласы толған төрт үлік. Кеннің де түр-түрі бар. Өнеркәсіп саласынан бөлек инвестиция тарту, туризмді өркендету жақсы жолға қойылған. Әр саладағы даму көрсеткіш осыны көрсетіп тұр. Күреңбел жерінде алда сүйіншілеп жеткізер жаңалық көп. Бірнеше кәсіпорын ашылып, тұрғын-үй, тәрбие ошақтары қолданысқа берілмек.