Жетісу өңірінде газдандыру жұмысы қарқын алды. Меже 2030 жылға дейін 190 нан астам ауылды көгілдір отынмен қамту. Қазір 50 елдімекенде газ желісін тарту құрылысы жүргізіліп жатыр, кейбірінде аяқталып қалды. Мәселен осы күзден қалмай Ескелді ауданына қарасты Шымыр ауылы газға қосылады.