Жетісу өңірінде қант қызылшасы алқабын үш есе ұлғайту жоспарлануда. Биылдың өзінде тәтті түбір тұқымы 13700 гектарға себілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5000 мың гектарға артық. Алқаптардың бұлай ұлғаюына үкімет тарапынан жасалып жатқан қолдаулар негіз. Жетісу ӘКК-сы мен КазАгроҚаржы акционерлік қоғамы, мәселен, шаруаларға 10 жыл мерзімде қаржылық лизингке 2,5 пайызбен 100 ге жуық қажетті техниканы алып берген.