Дәнді дақылдарды өрт шалмасын. Жетісу өңірінде жыл басынан 112 құрғақ шөптің өртену фактісі тіркелді. Астық жинау науқаны қызған шақта — егінді ысырапсыз, жауын-шашынға қалдырмай, тілсіз жаудан сақтау маңызды. Осы мақсатта ТЖД-нің мамандары алдын алу шарасын өткізді.