«Жетісу» телеарнасы өткен телевизиялық маусымды табысты аяқтады. Аймақтық арна екінші жыл қатарынан «Тұмар» байқауында жеңімпаз атанды. Бұл жолы «Ділмар» бағдарламасы «Үздік ток-шоу» номинациясын жеңіп алды. Ал әріптесіміз Гүлназ Мұстафа кеудесіне «Ақпарат саласының үздігі» төсеблігісін тағып мерейі тасыды.