«Жетісу» телеарнасының құрылғанына — 25 жыл. Ширек ғасыр жаңалықтың жаршысына айналған арнада қызметі көзге көрінбес, бірақ, маңызы ерен мамандар бар. Бұл қатарда — автокөлік жұргізушілері де бар. Бірі — тәжірибелі, аға жүргізуші Еркін Сүлейменов. Телекомпания құрылған алғашқы жылдардан бері жұмыс істейді. Ұжымның белді, әрі сенімді мүшесі.