Жетісу — жаңа мүмкіндіктері зор аймақ. Инвестициялық әлеуеті жоғары. Облыста 5 стратегиялық бағыт бойынша инвесторларды тарту жұмыстары атқарылады. Бұл қатарда: агроөнеркәсіптік кешені, көлік-логистика, туризм, баламалы энергетика және жер қойнауын тиімді пайдалану салалары бар. Бүгін аймаққа еліміздің сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров келді. Вице-министр Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевпен Президент тапсырмалары аясында министрлікпен бірлесе атқарар жұмыстарды талқылады.