Жетісуда жыл соңына дейін 6 блокты-модульді спорт кешені салынады. Өткен жылы төрт нысан қолданысқа берілген болатын. Биыл да жұмыстар қарқынды. Мәселен Ескелді ауданында 3 бірдей спорт кешені салынып жатыр. Олардың бәрінде жаттығу және спорттың бірнеше түріне арналған залдар, жуынатын бөлмелер болады. Бұқаралық және кәсіби спортты дамыту мақсатында қолға алынған жобалар қалай жүзеге асып жатыр?