Жетісулық құрлысшылар кәсіби мерекелеріне орай Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың қолынан марапат алды. Оларға «Құрмет», «3 дәрежелі еңбек даңқы» ордендері және «Ерен еңбегі үшін» төсбелгілері табысталды. Мемлекеттік наградалар Президенттің жарлығымен беріліп отыр. Қай жерде болмасын қай елде өркениеттің қалыптасуында құрылысшылардың еңбегі зор. Мәртебелі мамандық иелері ұлықталған салтанатты шарада аймақ басшысы саланың өңірдегі өкілдеріне шынайы алғысын білдірді.