Жетісулық құрылысшыларға құрмет көрсетілді. Тамыздың екінші жексенбісі аталған мамандардың кәсіби мерекесі. Соған орай экономиканың өркендеуіне, тұрғындар тұрмысының жақсаруына ықпал ететін саланың үздіктері сый-сияпатқа ие болды. Талдықорғанда облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаевтың қатысуымен салтанатты жиын өтті. Басқосуда бірнеше азаматқа Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің құрмет грамотасы және аймақ басшысының алғыс хаты табысталды.