Жетісулық шаруалар тамшылатып суғару әдісімен қызылша өсіруді қолға алды. Арнайы құрылғылар арқылы жасалатын бұл жүйенің тиімділігі көп. Біріншіден тыңайтқыш көлемі 5-6 есе азаяды. Есесіне мол өнім алуға болады. Ең бастысы, су үнемделеді. Осыны жақсы білген Алакөл ауданындағы «Bolat Group» шаруа қожалығы тәтті түбірді өсіруде бірінші рет тамшылатып суару технологиясын қолдануда.