«Жүрек сөзі». Талдықорғанда ақын, журналист, облыстық Жетісу газетінің бас редакторы Жұматай Оспанұлының театрландырылған әдеби-сазды кеші өтті. Рухани кеште жетісулық өнер иелері ақынның сөзіне жазылған әндерін орындап, өлең жолдарын тарту етті. Жалпы, аталмыш кеш қайырымдылық негізінде ұйымдастырылды.