Жыл басынан бері Алматы облысында 47 сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс анықталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды. Айта кетейік, антикор бірқатар тексерулер жүргізіп, Спорт және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заң бұзушылықтарды анықтаған.