10 тамыз – ұлт руханиятының темірқазығы, Абай Құнанбайұлының туған күні. Ұлы ақынның 180 жылдық мерейтойын Жетісу облысы да атап өтті. Тарихи әрі маңызды іс-шараға облыс басшылығы мен өңірдің аға буын өкілдері және қала тұрғындары қатысты. Бұл күн – ұлттық руханият пен мәдениеттің биік белесі ретінде аталып өтті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.