Ойсарап

«ОЙСАРАП» – «Жетісу» телеарнасының төл жобасы. Бағдарламада еліміздегі өзекті мәселелер талқыланады. Аймақтағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік проблемалар сарапқа салынады. Сонымен қатар мәдени-рухани сала да назардан тыс қалмайды. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы, денсаулық сақтау, білім беру саласы, құрылыс секілді барлық маңызды проблемаларды шешудің жолдарын арнайы спикерлер арқылы ашып айту көзделген. Хабар телестудияға алдын-ала шақырылған қонақтардан алынған сұқбаттар арқылы даярланып, эфирге монтаждау арқылы шығарылады.

Ұзақтығы 25-30 минут. Аптасына 4 рет эфирге шығарылады.