Алдағы 5 жыл Алматы облысында 1 млн. түп ағаш отырғызылады

0
61

Алдағы 5 жыл Алматы облысында 1 млн ағаш отырғызылады. Оның 200 мыңы биыл егілмек. Ауыл-ауылдарда 10-20 гектардан шағын орман отырғызылады. Бүгін облыстық әкімдікте Президенттің бос жерлерді жасыл алқапқа айналдырамыз деген тапсырмасының орындалу барысы пысықталды. Алдағы аптадан бастап өңірде көктемгі тазалық айлығы жүргізіледі. Қазіргі күні елді-мекендерді абаттандыру-көгалдандыру шаралары бойынша арнайы жұмыс тобы құрылған. Олар айналаны қыс бойғы күл-қоқыстартан тазарту, арықтарды аршу жұмыстарын тиісті деңгейде орындалуын қадағаламақ. Осы ретте Ләззат Махатұлы барлық аудан-қала әкімдеріне жауапты науқанға жоғары деңгейде өткізу қажеттігін айтты. Десе де, бүгінгі күні 6 ауданда тазалық маусымына әзірлік жоқ. Еңбекшіқазақ, Кербұлақ, Қаратал аудандарында айлық жоспар құрылмаған. Әкімнің бірінші орынбасары салғырттық танытқан жауаптыларды сынға алды. Дереу іске кірісіп,өз аумақтарындағы тұрмыстық қатты қалдықтар төгілетін полигондарды қадағалауды тапсырды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here