Тарихи, спорт орталығы әлемдік талаптарға сай болуы тиіс! Ғимараттың іші-сыртындағы құрылыс жұмыстары өңір басшылығы назарында. Осы мақсатта- облыс әкімінің бірінші орынбасары спорт нысанына арнайы барды. Ләззат Тұрлашев бассейіннің абаттандырылуы мен көгалдандырылуын тексерді. Атқарылған жұмыстармен танысып, бірқатар сын ескерту айтты. Айта кетейік, бұл орталық мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеңберінде салынып жатыр.