“2024 жылдың қорытындысы бойынша Жетісу облысы республикада үздік үштіктен көріне білді. Бұл -барша жетісулықтардың еңбегі”. Бүгін Қаратал ауданы тұрғындарымен кездескен облыс әкімі Бейбіт Исабаев сөз басын халыққа алғыс айтудан бастады.Аймақ беталысын баяндады. Көпті көрнекі жетістіктермен қанаттандырып, Президент тапсырмаларын бірлесе орындауға ынталандырды. Қаратал өңірін дамыту бойынша жоба-жоспарларды таныстырды. Г.Мақұлжанованы тыңдалық.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.